Іздеу

Қ а н а п и я.  Өздері қайда кетті?
Ұ  м с ы н а й.  Бірдеме табыла ма деп әкесімен екеуі тағы кетті, дағдарғандық қой.  Жұрт ақша беріп қалып жатыр  дегенге сары атанды саттық, көк атты саттық.   «Қалдырам» деп  болыстар  ақшасын алдап алып қойып, оны да бермей жүр.  Қаншасы қалғаның да білмеймін.
Қ а н а п и я (құшырланып налып). Жұрт жанымен қайғыланып жылап жатқанда, әй, жалмауыздар-ай! Осындай күнде де қақсатқанын қоймады-ау! Өңкей жасты көгендей тізіп әкеткенде елді жетістірер!
Ұ м с ы н а й (қамығып). Жасаған-ай десейші, кұдай тілеуін берер дейсің бе?!
Қ а н а п и я (күйініп). Осы қылықтарына бауыздап кетер ме еді иттерді.
¥ м с ы н а й.  Жаман сөзді не қыласың, қарағым!
Қ а н а п и я. Күйінгеннен айтам, шеше! Кісі қанына қарайып кетеді екен.

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр