Іздеу

ТАС МЕЙМАН

Төрт сахналы драма
К і с і л е р і
Дон   Жуан — қашқын мырза, 30-да
Лафарель — оның қызметкері, 35-те
С о п ы (Софы) — 55-те
Анна   ханым — камандордың қатыны, 25-те
Тас мейман — камандордың суреті
3 ә у р е — артис қыз, 18-де
Дон   Карлос — ақсүйек, сері, 30-да
Ү ш   қо н а қ

 

I с а х н а

Түн. Мадрид шаһарының жанындағы мола.
Дон Жуан, Лафарель. Д он   Жу а н.
Осы арада түнді күтелік.
Уһ, әрең дегенде жеттік-ау,
Мадридтің қақпасына.
Мұртымды желекпен,
Қасымды қалпақпен жауып,
Кешікпей таныс көшелерде сайран салам.


Мені ешкім тани алмас па, қалай ойлайсық?

 

Л а ф а р е л ь.

 

Ия, Дон Жуаи деп білу арам болар!
Ол сияқтылар көзбен шоласыз ғой!

 

Д о н   Жу а н.

 

Қалжыңдаймысын?
Мені кім таниды?

 

Л а ф а р е л ь.

 

Кім танымайды?
Әлде Титанның алғашқы сақшысы,
Әлде бір есірік қобызшы,
Әлде өзіңдей желек жамылып,
қолтығына қылыш асынған,
Қалпақты, арсыз бозбала.

 

Дон Жуан.

 

Таныса қайтеді, тек маған
Корольдің өзі жолықпаса болғаны.

Олай десең, мен Мадридте
тірі жаннан қорықпаймын.

 

Л а ф а р е л ь.

 

Жер ауған Дон Жуан Мадридке қашып кетіпті.
Деген хабар ертен-ақ корольге жетеді —
Айтынызшы, сонда сізге не істейді?

 

Д о н Ж у а н.

 

Азар болса, қайта айдар.
Басымды шауып тастамас,
Мен мемлекет жауы емеспін ғой!
Ол мені аяп, өлтірген кісімнің үй іші
Мені тыныш қойсын деп кетірді ғой.

 

 

Л а ф а р е л ь.

 

Солай ма екен!
Кеше, барған жерде неге тыныш жүре бермедіңіз?

 

Л а ф а р е л ь.

Солай ма екен!
Кеше, барған жерде неге тыныш жүре бермедіңіз?

Д он   Жу ан.


Көнгіш достым! Мек онда
Ішім пысып, әрең өлмей қалдым ғой.
Неткен елі, неткен жері, аспаны ше?
Бейне түтін!
Әйелі ше?.. Мен олардың бас шолуына
Андалостың аяқ әйелін де айырбастамас ем.
Алғашқыда олар маған ұнап жүрді,
Көзінік көктігімен, бетінің ақтығымен,
Муләйім қылығымен — көбінесе жаңалығымен:
Бергеніне шүкір, сырын білдім кешікпей олардың,
Мен жұғысу обал екен, байқасам,

Тірліктен нысап жоқ — қуыршақ өңкей балауыз...
Біздікін айтсаңшы!..  Бер қара, осы араны
Шырамытам, таныдын ба осы жерді?

 

Л а ф а р е л ь.

Неге танымаймын? Антоннын сопыханасы
Есімде бар. Сіз мұнда келуші едіңіз,
Осы орманда атыңызды ұстап мен тұрушем. Одан жексұрын, шың айтқанда, қызмет бар ма! Уақытты менен гөрі сіз көңілді өткізуші едіңіз, Рас қой!

 

"Тас мейман" пьесасының толық нұсқасын сақтау
 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр