Іздеу

Ж.Аймауытов: Ақбілек

Пьеса Алаш қозғалысының 90-жылдығына арналған

Ж. Аймауытов

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының және ҚСРО-ның халық әртісі Асанәлі Әшімов  сахналаған.

Бұл пьеса Ақбілек есімді жас қыздың тағдырына әсер еткен, ШҚО Марқакөл ауданында, XX ғасырдың басында болған төңкерістің оқиғалары туралы.

Бас кейіпкердің ырғақты және дағдылы өмірін, оның қыз қиялын, ойынын, өлеңін және алғашқы махаббатын төңкеріс қара құйынмен үйіріп әкетті.

Әлі қанаты қатпаған балғын Ақбілектің өмірін ақ гвардиялықтардың туған аулына шабуыл жасауы қатты өзгертті.  Ол ақ гавардиялықтардың лагеріне сайран үшін күшпен әкетілді. Шешесі өлтірілген, отбасына ойран салынған, қыздың жанын қорқыныш пен қысымшылық билейді. Офицерлер жақтан да қыз қысым көреді. Оның ойында әлі махаббат үшін,  адамгершілік пен сенімділікке де орын бар болатын. Дуель бәрін шешеді. Енді Ақбілек оның қорғанышында.

Уақыт пен оқиға екпінді түрде ауысуда. "Қызылдардың" келуі ғашықтарды айырады. Ақбілекке ауылына қайтудан басқа амал қалмайды, және ол қайтадан өмірге оралады. Жақын арада болған оның алғашқы махаббатымен кездесуі оған жаңа күш береді.

Онда жаңа өмір, ол бөпе күтеді.

Бірақ баланың анасы ағасының әйелі болады. Жылдар өткенде, Ақбілек өзінің нақсүйерімен бірге туысқандарының хал-жайын білуге аулына келеді. Ол онда өзінің ұлының өсіп жатқанын біліп, таңданып, қатты қуанады.

Ақбілектің тағдырында барлық халықтың тағдыры бар. Ол, басқалармен бірге диірмен тастарының оқиғаларына түскен кішкентай дән сияқты – енді бұл басқа Ақбілек, және бәрі де өзгерген.

Ақбілектің тағдырында барлық халықтың тағдыры бар. Ол, басқалармен бірге диірмен тастарының оқиғаларына түскен кішкентай дән сияқты – енді бұл басқа Ақбілек, және бәрі де өзгерген.

Ал диiрмен тастары айналып жатыр, айналып жатыр …

 

 

http://www.yk.kz/dir/thr/thr_akbilek/

 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр