Іздеу

САРАҢ СЕРІ

Үш сахналы драма

Б I Р I Н Ш I  С А X Н А

 

Монша ішінде

АЛЬБЕР мен ИВАН

 

А ль б е р.

Қайтсем де бәйгілі жерге баруым керек. Иван, көрсет маған дулығаны. (Иван дулығаны қолына береді.) Тесік, жыртық кой, мұны киіп болмайды. Маған жаңасын табасын. Неткен сокқы! Соғылған граф Делорж!

 

И в а н.

Атқан қалпақтай ұшырдыңыз, Сіз де оған есе жіберген жоқсыз. Бір күн, бір тун сілейіп жатты — Әлі де жазылды мекен.


 

А л ь б е р.

Алайда ол да зиян шеккен жоқ;
Көкірекшесі сау қалды
Көкірек өзінікі: шет тиынға тұрмайды —
Көкірекшесі жыртылса, жананы қайтып алмас ед.
Дулығасын сол жерде
Неге алып кетпедім!
Герцогтен, әйелдерден ұялдым,
Әйтпесе алып-ақ кетер ем.
Мұндар граф! Басымды жарғаны
Кљп артық ел маған киім керек.
Соңғы књні серілердің кигені
Жарқылдаған асыл атылас не барқыт;
Бары жайнап, құлпырысып отырды.
Бай герцогтың дастарқаны басында
Жалғыз ғана сауыт киген мен болдым.
Сасқанымнан бұл бәйгеге
Қапыда келдім деп айттым.
Бұ күнде мен немді айтам?

Ой, кедейлік, жоқшылық!
Қор қылдың ғой көңілді
Делорж келдек найзасын
Дулығама бір соғып,
Құйқытып өте шыққанда,
Жаланбас қалдым тоқырайып.
Астымдағы әмірді
Қос өкпеге текпілеп,
Қасымдағы графты
Бейне айтшы баладай,
Жиырма қадам тастадым.
Әйел біткен таңырқап
Қозғалысты орнынан.
Күлетін де ханым да
Бетін басып, ұялып.
Сасқанынан шыр етті.
Соғысымды жыраулар
Мадақтасып, жыр етті.
Жат ерлік, жат күшімнің
Себебі қандай екенін
Онда еш адам білмеді! Дулығамды жыртқан соң,


Долданып кеттім булығып,
Сонда не қылған не десін? —
Сарандықтың кесірі.
Саран әкем бір тұрғам,
Мінезі жұқпай қояр ма... Әмір сорлы не жайда?

 

И в а н.

Ақсауын әлі қойған жоқ.
Мінуінізге жарамас.

А л ь б е р.

Амал жоқ.
Торыны алам да
Өзіне де арзан сұрап тұр.

И в а н.

Арзанның арзаны-ау,
Ақшамыз жоқ қой алуға.



А л ь б е р.

Саламон кесір не айтады?

И в а н.

Нәрсе ұстатып қоймасан, Бұдан былай қарызға

 

"Сараң сері" пьесасының толық нұсқасын сақтау
 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр