Іздеу

АЙМАУЫТОВТЫҢ РОМАНДАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ТҰЛҒА МӘСЕЛЕСІ

 

Ж.Аймауытовтың тұлға концепциясынын дүниетанымдық және көркемдік қайнар көздері.

Адами тұлға мен оның болмысына байланысты мәселелер 19-ғасырдың ортасынан бастап қазақтың қоғамдық ойы мен әдебиетінде зерделі зерттеу объектісіне айналды. Бұл кезде капитализм элементтерінің келуімен еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси өмірінде болған түбегейлі өзгерістерге байланысты тұлға проблемасы айрықша мәнге ие болған. 19-20-ғасырлардың аралығында бұрынғы патриархалдық әдет-ғұрыпты ығыстырып, бірте-бірте орныға бастаған қоғамдық қатынастын жаңа капиталистік жүйесі әлеуметтік қайшылықты бұрынғыдан арман шиеленістірді. Қазақстанда капитализм

процестерінің басталуымен бірге оның алеуметтік өмірінің барлық саласында Ресейдің үстемділік саясаты күшейе түсті.

Тұлғаның санасы, оның өмірден орын алуы кезінде Шоқан Уәлиханов, Абай Кұнанбаев, Ыбырай Алтынсарин оятпақ болып тер төккен халықтық сана проблемасының құрамдас бөлігіне айналды. Барлық дағдарыстан құтқарып, даланы бостандық пен өркениетке жеткізетін даму жолдарын іздестірген халқымыздың ұлы перзенттері ақыры ат басым ағарту мұратына әкеліп тіреді. Олардың жасаған қызметі еліміздегі алғашқы ағарту кезеңін құрайды.

Атап айтқанда. солардың еңбектерінде ағартушылық идеологиясы жан-жақты негізделді. Ағартушылықтық Қазақстанда пайда болу тарихы әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, оның ішкі логикасымен тікелей байланысты.

Бұл арада қазақ ойшылдары мен

ақын-жазушыларының Ресейдің, Батыс Еуропаның озық идеяларымен танысуы манызды роль атқарғанын айтып кеткен жөн. Ағартушылық идеясы 18-ші ғасырда Еуропада, 19-шы ғасырда Ресейде кең тарап, етек жайған болатын. Еуропалық ағартушылық - тек көркем әдебиет арқылы ғана емес, философия арқылы да кең тараған тұтас бір идеологиялық ағым. Еуропада феодализмнен капитализмге өту дәуірінің идеологиясы ретінде пайда болған ағартушылық ағым Қазақстанда ұлттық жағдайға бейімделіп өзіндік сипатқа ие болды. Қазақ ағартуы, зерттеуші философтар мен тарихшылардың айтуынша, сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік, саяси денгейіне сай, халық мүддесін көздеген жалпы демократиялық, озық идеялы ағым түрінде қалыптасты.

 

"Аймауытов туындыларындағы тұлға" оқу құралының толық нұсқасын сақтау
 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр