Іздеу

СЫЛАҢ ҚЫЗ

Бір перде, күлдіргі (комедия)

Ойнаушылар


Бай — Ж а б а ғ ы, жасы 50
Қатыны — А й с ұ л у, жасы 40
Қызы — Б а т и м а, жасы 19
X а к і м — оқыған жігіт, жасы 35
Малайы — Ө м і р з а қ, жасы 25
Н ұ р м а ш — жас ақын, жасы 20
Ә б у т ә л і п — муғалім, жасы 30

 

I шымылдық

Жабағы байдың үйіндегі бір бөлме. Екі жақта екі есік, терезенің арасында үлкен айна, Айнаның алдында үлкен үстел. Қабырғаларда орындық, бұрышта үстел, жасаулы кереует. Кілем жапқан абдыра. Еденде киіз, алаша, кілем, үстел үстінде

бірнеше кәртішке, сия-сауыттар,қалам, есеп-шот. Жерде дөнгелек үстел. Үстел жағалай бай мен қызы отыр. Қатыны шай құйып отыр.

 

Бірінші көрініс

Бай (бауырсақты аузына салып жатып). Сен әлі нет!.. Салпы ауызда менің бес теңге жиырма бес тиын ақшам бар. Бес теңге жиырма бес тиын. Келсе жағасынан алып, алып қал, бас-сирақтан қалған ақша еді, иттің тұқымы созып бермей жүргені. Ендігәрі нәрсе сағатын кісі емес екен. Тағы кімде?Ә... Байжұманың баласында жиырма бес тиын күміс бар. Ақ мұрттың баласында майдан қалған жеті сом қырық бес тиын бар, Жеті сом қырық бес тиын, Келсе ақшаны алмай босатпа. Менен қашып жүр. Өз бетінше енді көрсем екі зекет, бір сүндетке қоймаспын-ақ бәлем.

Қ а т ы н ы. Маған бере ме олар?

Б а й. Неге бермейді? Бермейтін әкесінің

көз құны жоқ, бірдеңе өткізіп қойып па? Аларында боқ жеп жалынып алды да, беруге келгенде бәрі сырғақ. (Ойлап). Ау... әлгіні ұмытып кетіппін ғой! Қап! Ой, әттегенай!..

Қ а т ы н ы. О не? О не?

Б а й. Әлгі Мақамбеттен тапсырып жібермегенімді қарашы!

Б а й. Сүгірдің күзені бар еді, маған әкелсін деп айтқалы отырып.

Қ а т ы н ы. Күзен табылар, ақшаға кім әкелмес дейсің.

Б а й. Қайдан табылады? Ол маған арзан сатады ғой. (Қатынына.) Бір жағынан жаңғалақтап  есімді  шығарып.  (Қызына.)


 

"Сылаң қыз" пьесасының толық нұсқасын сақтау
 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр