Іздеу

Нұр күйі

(Күйлі сөз)

 

Жібек ана
Ақ борықтай бөпесіне
Мамасын емізіп еміренед.
От жүрекке
Аялай қысып,
Айналад та, толғанад,
-    Күнім, Айым!
Өкпе жайым! Айналайын!...
Саусақайыңды селдеңдетші.
Жеп қояйын!...
Ей, ей жаман-ау,
Қашан күлесін?
Кіш-ш-т. кіш-ш-т,
Күлші, бүйрегім!
Бөпесінің туғанына
Жарты айдың жүзі боп барады.
Буыны бекіп, шымырап, ширап, Бұлтиып өсіп келеді.

Бөпесі бірақ жадырамайды,
Қошақанынан жеріген қойша,
Бедірейіп жатқаны.
Жібек ана ақ бөпесін
Әлпештейді, мәпелеп.
Алдына алып, ән салады, әлдилеп.
Арқалыққа салбыратып,
Сылдырмақай тағады бөпежаны.
Саусақайын шолтақдатып,
Қашан ойнап жатады?
Бөпесі сұлық.
Сылдырмақата білезікейін созбайды.
Сылдыр шықса, мойнын бұрып,
Құлағын түріп тындайды.
Ертемен-ақ бөпенің
Ашық жатқан бетіне,
Жұлдыз үйдің тесігінен,
Күміс күн нұрын құйғанда
Қараңғы түнде бесігінің
Он жағында жылтырап
Шырағдан тұрғанда, Қарақаттай мөлдіреген

қара көз!

Сәулеге қарап, кірпігін де қақпайды,

Тарбаның үші тиіп кетсе.
Оған да елең етпейді.

** *

Көзі қарақты абысындар,
Жиналысты, көрісті.
Танданысты, тамсанысты,
Не екенін білмеді.
Бақсы — балгер,
Молда — дәрігер,
Бәріне де көрсетті.
Көшірді хатты.
Тұмар тақты,
Қытықтады,
Ұшықтады,
Бірі үшкірді,
Бірі түшкірді,
Бірі де ем болмады.
Сарғайғанда тілеп алған жалғызы,
Су қараңғы соқыр екен — масқара! Бейшара

бала, Сорлы анаңа
Шер болуға тудың ба?!
Жарым жан сорлы жарты адам боп,
Қайтып өмір сүресің?!

Сәуле көрер —
Шырағың ақау болғанша,
Аяғың ақсақ, қолың шолақ,
Болып неге тумадың?!
Бұл жарыққа
Қаранғы боп келгенше,
Тумай тұрып,
Тұншығып неге өлмедің?!
Деп күйініп, өрт болады,
Елжіреген мейрімді ана жүрегі.
Ел қамын жеген ер болсын деп,
Әділ, шешен би болсын деп
Атын Едіге қойып еді.
«Ер Едіге», «Би Едіге»,
Көр боп туды не шара?!
Едіге өсті, ер жетті,
Едігеге ақ та - қара, Қара да - қара, күн де - түн

Едігеге сұлу — сұмпай,

Бұлбұл — әуез, гүл иіс.
Жел — бір зуыл, құс — бір суыл,
Дала күдір.
Барлық нәрсе кедір-бұдыр.
Жұмсақ қатты,
Ащы, тәтті,
Ыстық суық көрінед.
Жан-жануар, жер-дүние
Сылдыр,сылдыр
Күріл, дуріл,
Қиқу, шику
У да-шу
Апасының сүйінгенін,
Кейде жылап, күйінгенін,
Кейде күлген, кейде ышқынған,
Дыбысынан сезеді.
Әкесінің жаны кейіп жатқанын
Дертті адамдан күрсінгеннен сезеді.

Елеусіз үнге құлағын тіктеп, Салушы ед.

Едігенің көзі кемі болмаса, Жаралыста көнілі




тетік

Ойы зерек бала еді.

Жағымды үнге жаны құмар жан еді.
Ауыл үйдін адамдарын
Тықырынан танушы еді.
Апасы үйде отырғанын,
Иісінен білуші еді.
Көзділер сезбес,
Елеусіз үнге
Шытынып тұрып,
Құлағын тіктеп салушы ед.
Ән мен күйден әуез келсе,
Жайраң қағып қалушы ед.
Ән салатын Күлкетайды,
Жанындай жақсы көруші ед.
Өсе келе, Едіге де
Домбыраны үйренді.
Жағы талмас жыршы болды,
Бармағы алтын күйші болды.
Қолдан-қолға тұрмады.
Күйшіден күйші қоймады.Тәтті әуезге тоймады,


 

Өнері өрге өрледі.
Бозторғайды, бұлбұл құсты,
Боз жорғаны, боз інгенді —
Бәрін күйге түсірді.
«Бәлен елде Берден деген күйші бар,
Ол күй тартса,
Қоныр қаз жерге қонады.
Кұлан-бұлан
Қасына төніп келеді.
Домбыраға перне тақпай тартады», —
Деген сөзді Едігеге айтты бір адам
Едіге тыныштық көрмеді.
Жолдас алып,
Қоржын салып,
Едіге ұзақ жол жүрді.
Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат,
Аралады көп елді.
Алыстан мұнар тау көрінед,
«Таудан әрі ел бар», — десед.

Сол елдерге жеткенде, Берденге күндік жер қалад.


шалып қалып ед,
Дүркін-дүркін тұра қалып тыңдайды.
Ырылдаған, күрілдеген
Қасқыр дауысы естілед
Үрей кетті...

Көз барында таудан асып алғалы,

Жолаушылар өктей жортып келеді.
Бояқтай боп күн де батты,
Жолаушылар тауға жетті.
Тер қатқан ат тебіренбеді
«Ат шалсын» деп жолаушылар,
Бір бұлакқа түсе қалды.
Ыстық күнде ат қағып,
Тұла бойы салдырап,
Қажып келген жігіттер,
Жерге басы тиісімен,
Қата қалды маужырап.
Адам мен аттан дыбыс жоқ!   Су сылдырлайд,
Шөп сылдырлайд,
Құс шырылдайд,

Әлде бір айуан ұлығандай болады.


Едігенің жүрегі қатты түршікті.
Жерден басын жұлып алды,
Атып тұрды, қашып берді.
Жолдасының ойбайлаған жан дауысын,
Кұлағы шалып қалып ед,
Дүркін-дүркін тұра қалып тыңдайды.
Ырылдаған, күрілдеген
Қасқыр дауысы естілед
Үрей кетті...

Екі қолы ербеңдеп,
Тастан тасқа сүрініп,
Ентелей басып ентігіп,
Бір жартастан құлап кетті күрс етіп,
Алда өлдім... аһ! деді...
Екі қолы ербендеп, тастан тасқа сүрініп,
Құлдиып барады.
Үсті-басы жер тіліп,
Аяқ-қолы мертігіп,
Ағып барып,
Маңдайы тасқа тақ етті.
Едіге естен айрылды. Қанша заман өтті, кетті,

Едіге оны білген жоқ.
Бір мезгілде қыбырлады, жан кірді,
Құлағына ұғымсыз сөздер естілді.

Қазақ емес,
Орысшалаған тәрізді.
Төнірегін сипаласа.
Қасында кісі білінед.
Астындағы төсеніші
Жатқан үйдің қабырғасы
Қозғалғандай
Тенселгендей сезілед.
Бірдемесі дырылдайды.
Жатқан жері ағып барад,
Ұшқан құстай суылдайды.
Жел құлаққа зуылдайды.
Алас ұрды, аймалады, бұлқынды.
Жібермеді, ұстай алды,
Алыс-жұлыс... алқынды.
Қан басына шапшыды,
Қол артына қайрылды.
Тағы да естен айрылды.  Қанша заман өтті, кетті,


Бір мезгілде Едігеге жан кірді.
Сипаласа тағы жатыр төсекте.
Тық-тык етіп,
Жүрген дыбыс білінед.

Қаңғыр-күңгір
Адам даусы сезілед.
Қол-аяғын қозғап көрсе,
Қозғалтпайды, ауырад.
Айырпыланмен ұшып жүрген орыстар келеді
Тықыр, тықыр,
Опыр, топыр,
Кісілер келгенге ұқсайды.
Ой, алақай!
Құлағына жылы дауыс естілед.
—  Сен кімсің?
—  Мен бе, мен қазақпын.
—  Өзін кімсің?
—  Мен де қазақпын.
—  Мен қайда жатырмын? Өнім бе, түсім бе?
—  Сен ауруханада жатырсын!
—  О немене?


—  Ауруды қарайтын үй.
—  Не дейд, бұл қай жер?
—  Бұл қала,
— Мені мұнда кім әкелді?
—  Сені мұнда айырпыланмен ұшып жүрген орыстар әкелді.
—  Айырпылан деген не?
—  Аспанға адамды көтеріп ұшатын бір қайық.
— Жаным-ау, не дейді?

Қой, түсім шығар? Өзін рас қазақпысын? Бері таман келші.
—  Қазақ екенімді көрмей тұрсың ба?
—  Көрмеймін, соқырмын ғой.
—  Солай ма едін?! Әлгі қазақ қасындағы Орыстарға сөйлесті
Әлде неше күндер өткен тәрізді.
Аузына тосып ас береді.
Татпаған бұрын, жат тамақ
Күнде біліп, жарасын көріп,
Дәрі жағып, емдейді.

Күннен-күнге тәуір болып,

Бойы тынайған тәрізді.
Бір күндерде Едігені жетелеп әкеп,
Бірдемеге жатқызды.
Бірдемесін мұрнына таман тақап ед,
Не болғанын білмеді...
Әлден уақытта есін жиса,
Екі көзі таңулы
Тартып көрді, сипалады.
Мықтап тұрып байлаулы.
Көзі ашыды,
Түйілгендей,   
Ауырғандай болады.
Солайша тағы көп жатты.
Бір мезгілде
Көзіндегі байлауды шешіп алып ед,
Үйдің іші жарқыраған аппақ нұр,
Бұ не ғажап,
Қарсы алдында мінбелеп сұлу бір қыз тұр.
Қолын созды, жете алмады.
Күнде келіп,
Жарасын көріп

Дәрі жағып емдейді.
Тағы бір нәрсе үстіне төніп,
Келе жатқан секілді.
Тағы созды, жете алмады.
Бірақ ол нәрсе сөйледі.
—  Е, қалай, тәуірмісің? Жұлып алғандай.
—  Жарықтығым, сен кімсің?
— Мен әнеугі қаэақпын.
—  Бері таман келіп сөйлеші. Қолын созды, сипалады

Кісі екен
Әй, ағатай! Не керемет?!
Көзіме менін не болды?!
—  Көзіңде қалың шел бар екен
Дәрігер көріп,
Шелін сылып тастады.
Бағың бар екен.
Елде кім айдап кез болдың? Көре ме көзің?
—  Көреді, көреді.
Қозғалып тұрған аузын ба сенің?
—  Иә, аузым

—  Ағатай-ау! Келсей бермен!
— Аузыннан бір сүйейін.
Мұндай бақты, Қашан көрем деп едім?!
Кұшақтап, қысып, Аймалап жатыр.
Бауырына басып, Аялап жатыр.
Бір күлед де, бір жылайд.
— Ағатай-ау!
Сүйінші неге сұрамадың? Маған неге айтпадың?
—  Көзін жазылар, жазылмасына Көзім жетпеді ғой.

Жазыла қалса,
Сонда айтармын деп едім.
— Домбыра бар ма? Ой, ағажан! Ұстатсайшы қолыма!
—  Домбырашы ма едің?
—  Қуанышым ішіме симай барады.
Ағытылайын, сейілтейін. Домбыранын да,

Түрін бір көріп шертейін.

Жіберсейші, алдырсайшы, ағаеке!
Жүгіріп дереу домбыраны келтірді.

Сонда Едіге, Домбырасын қолына алып, Екпіндетіп,

Екіленіп, Ескектетіп, Қалшылдатып,
Тарсылдатып, Кекілік атып, Секектетіп,
Күннің күйін, Нұрдың күйін соқтырды.
Мойны қисайып, Сілекейі ағып, Сүйектері
Қорғасындай балқыды. Лепіріп жүрек,
Бейне тас түлек. Ақ тұйғындай,
Аспанда шүйгіп, Қалықтап, жүйткіп.
Сорғалады, шалқыды, Буынсыз бармақ.
Перне байлап, Жорғадан сызды.
Соққан сайын, Нұр күйінен
Пейіштің лебі аңқылы. Жұрт тындап отыр,
Айтқан соқыр.  Дірілдет қолды, дірілдет!
Нұрдың күйін.  Сен тартпағанда,
Кім тартсын. Безілдет, шіркін,
Безілдет, шіркін, безілдет. Едіге күйшім
Еліне есен қайтасың! Нұрды қалай көргенінді,
Еліне жыр ғып айтасын. Нұрдың күйін,
Сен соқпағанда, Кім соқсын!
Күжілдет. шіркін, Күжілдет, шіркін! Дұрілдет!!!

 

"Нұр күйі" поэмасын сақтау
 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр