Іздеу

ӘНШІ

І

Жетішатыр - дақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы - қымыз, ойын-сауық - «кататься». Айт, той, кұдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем. Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жақ шықса пароход, паром, желқайық, жасыл арад қалың орман... Көкке шыққан, гуләйт соққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней... Қызықдуман... Қайткенмен сергек қала. Степендиядан жырмалаған азды-көпті тиынның қызығын көргелі адам сияқтанып отыз тиынға бержабай жалдап, жексенбі күні ар жаққа тарттық. Келген жылымыз. Қаланың жай-жапсарына қанық емеспіз. - Ағай, жақсы қымыз кімде бар? Бержабай әйелдердің атын шұбырта бастады. - Жұмаш кімнің қатыны? - Қатын емес, қыз... Баксақ, «Әбуқанипа», «Имам ағзамшылап», қымызшылар қатындардың атымен айтады екен.

Он минутта арғы қабақка шыктық. Ар жақ - қазақ даласы. Өзен өрлей салынған екі мешітті, бір шіркеулі, ығы-жығы тайпақ қала. Ағашы, кірпіші, төбесі, тоқалы жапырайған тәукеншік үйшіктер: «Бізді қазақтан басқа кім мекендесін?» дегендей, бет-аузы қисайып, көздері сығырайып, кемсеңдеп тұрған іспетті. Байлардың көк шатырлы салауатты сарайлары жаман-жұман баспаналарды басып кететіндей қоразда нып, басын көкке созады. Көк шұға тысты, жанат құндызды көк құмыра бөрік киген маубас, бордақы байлар ат-тұрманы жарқырап, көкмой-ын жегіп, былқылдақ қашабада шалқайып жатып, кататься соғады. Ескі-құсқы киім, етік-метігін қолтықтап, дорбасын, боқшасын қаланың кедейлері жаяу-жалпы сүмендеп, сақалына сүнгі тұрып, базарға кетіп барады. Көпшілік тамақ тауып қайта ма? Әйтпесе сандалып, құрамай қауып қайта ма? Кім білсін?... Жоқшылық қысып, енсесі түсіп, мең-зең болған

сорлылар мұндай болғанын қайдан білсін?...

- Балалар, қайда апарайын?

- Қай жақынына апар!

- Жақыны Аққатың... Шәкет те алыс емес...

- Қай қызы барына апар, - дейміз. Бержабайшы кос терезелі тоқал үйдің алдына ойысып тұра қалады.

Тымақтарын шекесіне салған төрт-бес желбегей сал даурығып, итермелесіп, тәлтіректеп үйден шығып келе жатады. Бізге оқшия қарайды да, «зиянсыз балалар» екенімізді білген соң, тұмсығын көтеріп жүріп кетеді. Көптен күткен жеңешедей, ауыз үйдегі алтын сырғалы, ақ құба, бидай өңді кербез жеңгей: «Балалар, жоғары шығыңдар!» - деп майысып, төргі үйге қарай сілтейді. Төсек-орны, дөңгелек үстелі, тегенесі, кесесі біріне-бірі сай шақ-шақ қана бөлмеде екі-үш жігіт қымыз ішіп, томашадай аппақ қана Шәкет сырлы қасықтай сары ожаумен қымыз сапырып отырады. Мұрты тоқпактай түксиген

сары жігітсырғып орын беріп, отырысымен кесесін ұсынады. Бұл қаланың бір жақсы жері - қазақтың оқыған балаларын сыйлайды. Балалары үлкендерін сыйлайтын болғаны ғой.

«Қымыз әкелейін бе?» - дегендей, Шәкет көзі күлмендеп бізге қарайды. - Бір шерік қымыз... - деп аузыңнан шығуы-ақ мұң, Шәкет жалп етіп, бір үлкен бөтелкені алып келеді. Даярлап қояды-ау деймін. Кемешті сары тегешті алдына тақап қойып, төңкере лықытып, бұрап-бұрап шорылдатып, қымызын лезде құя қояды. Қою сары қымыз көбігі бұркырап, быжылдап иісі кеудеңді жарады. Әупілдекше кекіріп, қымыз кеңірдекке келіп, көзі қызарған қонақтар шүлеңгер жігітсіп:

- Мә, қарындасым, өзің іш! - деп кезек-кезек Шәкетті сыйлайды. Шәкет ернінің үшін тигізіп бір жұтады да, аяқ иесіне қылмындап бір карап, қайта құйып береді. Шәкет - он бес - он алтыдағы жас бала. Пәлен сұлу да емес. Бірақ бет пішіні, көз қарасы неше алуан құбылады.

Кейде қасын керіп сызыла қалады; кейде назданғандай көзін қысыңқырап қылымсиды, кейде сені сүйем дегендей кұлықтанып терең қарайды; кейде көзін жалт еткізіп жайдарылана қалады.Әйтеуір тоқсан кұлпырып отырған бір көз. Қонақтарын не бір-екі ауыз әзілімен, не сиқырлы көзімен сыйлай біледі. Аңғал адам ішінен «мені тәуір көріп отыр» деп ойлап қалатын. Шәкет кімді жақсы көргенін бір алла білмесе, кім білсін... Көзімен алдап, акшасын қаққалы отырғанын акымақтар қайдан білсін... Әркім барын базарға салып, мал таппақ күнелтпек қой. Шәкетте көзін сатып күлгірленіп отырғаны - күнелтудің қарасы. Тұрмыс, жоқшылық не қылғызбайды, Шәкетті бұзған да сол мұқтаждық. Шәкет бір үйлі жанды көзімен асырап отыр. Шәкет ақшаға қызықса, әлдекім біледі... Аяйсың Шәкетті. Қарғайсың мынау отырған есіріктерді. Мынау жүгенсіздер, анау қасын керген жеңгесі Шәкетті бұзбай қояр ма?...

 

Қала жігіттері қалжыңға топас келеді ғой.

Әзілі жараса алмай, қымыз ұсынуға зорлап отырғанда, арсаландаған бір жігіт кіріп келді. Өз үйінен жаңа келе бір кесені алып, «құйшы!» -деп, Шәкетке сүйкене отыра кетті.

Қонақтар: «Бәрекелді! Жақсы келдің!» - деп аяқтарын ұсынды.

- Шәкет, қарағым, гармонды әперші!

-Ойбай уақытым жоқ, бержабай күтіп тұр...

- Барарсың, азырақ ән салып кет... Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды. Шәкет сырнайын әперді. Әнші Шәкетке қарап мырс етіп: «Болмас, болмас», -деп, гармонды қолына алды.

Әнші, еркін, ерке екен. Шәкетке карап:

- Бетімнен бір сүй, ән салайын, - деді.

- Ойбай-ау! Сөйтпей...- деп Шәкет назданды.

- Онысы дұрыс. Әйтпесе нашына келмейді, -деп отырғандар кеу-кеуледі.

Шәкет сүйе қоймады. Әнші ұялып қалатынын сезді білем, еңкейген кісі болып,

байқаусызда Шәкеттің бетінен сүйіп алды. Шәкет әнтек қызарып, басыла қалды.

Әнші көңілі дауалағандай, ырғаландап мойның бұрып салып, гармонды барылдатып күйледі.

Ұшатын құстай қымтанып, қомданып қалды. Отырғандар аузын ашып анырды. Әнші жіберді. Бір-бір ауыздан ән салды. Аз да болса бірегейболды.

Сүмірейте, қылмита соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді бойды шымырлатты.

- Ойт, шіркін!.. Па, сабазым-ай!

- Ой, пәле-ай!

Мидайжазық құла түзде ішің пысып келе жатқанда, көзіңе сұлу орман, сәулетті тау көрінсе; көріктен оттан айырылған қабағынан қар жауған қариялардың ортасында, кенеттен атқан таңдай сұлу сәулем қыз көрінсе; қараңғы түнде ел таба алмай сандалып келе жатқанда,

аяғыңның астынан қиуадан от жылт етіп көрінсе, қандай қуанып, кенеліп қаласың. Жапа-тар-мағай жым болып томсарып, тоң-торыс отырған жандарға әншінің әні де сондай әсер берді. Көңіл бір жадырап шайдай ашылды. Әттең, ауыздың дәмін ала алмай, құмарымыз қана алмай қалдық.

- Бұл қай әнші?

- Әнші Әмірқан осы, - деді.

- Әмірқанды жұрт мақтайтын. Бір естуге мен де ынтық едім..

- Әмірқанның үйі осында ма?

- Осында.

- Үйінен қашан табылар екен?

- Оны кайтесіңдер?

- Әншейін...

Әнін бір естуге...

- Оны үйден ұстай алмайсыңдар.

Ол - бір сағым.

- Өзі не кәсіп істейді?

- Әмірқанда кәсіп бола ма?

 

Ән салғаннан басқа...

- Ақша тапса, жарайды ғой...

- Көп үстіндегі жігіт емес пе?

Оған кедейлік бар ма?

- Өленді ақша сұрап айта ма? Жоқ...

- Аштан өлуге бейіл, өлен айтып ақша сұрағаның көргеміз жоқ.

- Онысы қызық екен!...

- Өзі де қызық жігіт. Онсыз топтың ажары кірмейді. Әйтеуір жандырып жүреді.Расында жандырып жіберді. Әмірқанның жайынан аз әңгімелесіп, қымызға қанған соң пәтерімізге қайттық.

II

Наурызда қазақ шәкірттері сауық жасауға даярландық. Жастардың талабы, өнері, жігері, қызметке жарамдылығы сыналатын жер де сауық; шалағайлығы, салақтығы, қорқақтығы, мақтаншақтығы, өзімшілдігі байқалатын жер де сауық. Спектакль қоюға лайықты кітабымыз да, әйелдеріміз де болмады.

Бірлі-жарым окыған әйелдер ұялды, бұлданды, көнбеді. Бір-екі рет шақырсақ та «басы ауырып» келмей қалды. Сонымен бір перделік күлкі, қалғаның декламация, хор, ән, домбыра, оркестрмен өткізбек болдық. Сауығымыз сары ала болсын деп, Әмірқанды да шықырып, ән салғызбақ болдық. Өз рольдерімізді бір ыңғайлап, даярлап алған соң Әмірқанға кісі жібердік.

Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды. Әнеугі Шәкеттікінде көрген Әмірқан емес, бұйығы, момақан жігіт. (Бәленше қандай кісі?» деп сұрасаң, Бек деген қу түрін бұзып аудармай сала қоятын. Нұрмамбет шешен бір құрбысын: «Май ауыз, май қүлақ, тасбақа, талтақай» деп суреттеген екен. Егер мен Бек тәрізді қу болсам, мойынымды қыжырайтып, көзімді бажырайтып: «Әмірқан осындай жігіт» дер едім. Егер мен Нармамбеттей шешен болсам, Әмірқанды: «Ербең құлақ, едірек, талтиған тәпек асық» дер едім. Олардай менің

өнерім жоқ, сондықтан мен Әмірқанды «Шеулі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер» жігіт деп қана суреттей аламын. Әмірқанның бес-алты әнін тыңдап алып, сауық күні келуге уәдесін алып, апарып салдық.

Сауыққа өз әлімізше жақсы дайындалғанбыз. Клубтың театрын алғамыз. Билет екі күн бұрын қыдыртып сатылған. Жетішатырдың қазақтары қандай тыраш: қатын-қалаш, бала-шағасымен келді - залға сыймай кетті. Мұндайда саналы жеңгейлердің де пайдасы үлкен тиеді ғой. Рәзия жеңгей неше түрлі тәтті нандар пісіріп, жеміс алып, баласының тойы болатындай қызмет істеген. Оспанбек ағайдың үйіндегі жеңгей де қоңыр қаздай баспандап, екі бөшке қымызды сатып, ақшаны көпіртіп алып жатыр. Қарындастарымыз да программа сатып, сымпылдап жүгіріп жүр. Мұқтаж шәкірттер кенелмеген не қалды? Жастардың тұнғыш журналы аяқтанбасқа қалды? Халық мұнша

жиылады деген есте жоқ. Мына топты, анау қызметті көрген соң көңіліміз көкке серпіп, аяғымыз сайға тимей жүр. Жұрт у да шу, мәз-мейрам.

Сауықты Наурыз мейрамына арнаған соң қазақтың ескі ырымын де істегенбіз. Сарқасқа күрт көжені тай қазанға жүздіріп, бұқтырып қойғанбыз. Ішіне жылқының басын салып, екі-үш табақ ет асып, үлкендердің алдына тартпақ болғамыз. Ойын басталмай-ақ, жұрт қымызға бас қойып жатыр. Жәлен сықылды мұғалімдер Наурызды түсіндіріп, жастардың талабын құттықтап, мінбеге шығып сөз сөйлеп жатыр. Біреулер: «Ата-бабамыздың жоралығын істейік» деп, төс қағысып, көрісіп жатыр. Ойын басқарушы Әбіжанда ес жоқ, кішкене жұтып келсе керек. Әбіжан болмаса, сауық осындай болар ма еді? Билетті дендеп өткізген, әйелдерге тамақты әзірлеткен, кілем, ыдыс, сайман бар жабдықтың бәрін тапқан сол Әбіжан - мақтаншақ жігіт. Жарнамаға,

программаға «Басқарушы» деген аты жазылғаны Әбіжанға зор атақ. Әбіжанның таныс емес адамы жоқ, құрдасы емесі тағы жоқ. Ол жұрттың бәріне еркін Берсе колынан, бермесе жолынан тартқандай ғып алады. Оның ойыны қайсы, шыны қайсы екенін адам да білмейді. Ойынды Әбіжандай кісі басқарсын...

Қоңырау екі соғылды. Біз сахна жақта домбырамызды күйлеп, тамағымызды кенеп, кісілерімізді жинап, жағамызды түзеп, шашымызды тарап, нәрселерімізді кұрып, шала бүлініп, жанталасып жатырмыз. «Осынша топ-тың алдында шалдырып, масқара болып қаламыз ба, болмаса шапалақ соғылып, қошамет аламыз ба» - деп жүрегіміз дүрс-дүрс етеді.

Қоңырау үш қағылды.

Шымылдық ашылды. Зал у-шу, айқайласып, кимелесіп, орынға таласып, «дауыстама!», «отырыңдар!» десіп күңктлдесіп жатыр.

Әлден уақытта саябырлайын деді. Өзімізше жақсы шығардық деп ойладық. Шымылдық жабылды, шапалақ соғылды.

Хорымыз жамырап жақсы шықпады...

Рахымбек декламациясын жақсы айтты. Скрипкаға ән қосқан он екі жасар Мәржім тамаша соқты. Қайта-қайта шақырып, залды дүрсілдетті. Өзі тіленіп шыққан студент бикешіміз «Жалғыз шалды» бастағаннан міңгірлеп. «қаттырак, қаттырақ» дегізіп еді, орта кезіне барғанда, төбеге ұрғандай тұрып қалды. Қағазына қарап, кәне таба алсыншы! «Қайт, қайт!» - дейміз. Тыңдамады. Өзі де қылан кісі емес еді, әлден уақытта бітіріп, өрт сөндіргендей қап-қара болып, сахнаның артына жоқ болды.

Бірақ «әбиірді ақша отау жауып», кейінгілер сүрінбей шықты. Әсіресе жұртты сүйіндірген Әмірқан болды. Қазақ ішіндеп жиын, тойда айтқаны болмаса, Әмірқан театрда ән салып көрген жоқ екен.

"Әнші" әңгімесінің толық нұсқасын сақтау
 
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр