Іздеу

Өлеңдері

  • Жазушыларға

  • Неғып жатыр?

  • Отағасы

  • Ах-ха-ха-хау

  • Ұршық

  • Көшу

  • Ұран

  • Еңбекшілдер ұраны

  • Жас әскер

  • Жас көсемдер маршы

  • Тұңғиық түпсіз астында

  • Жаман тымақ

1

ЖАЗУШЫЛАРҒА

 

«Алаштын» талабы зор, мақсұты мол,
Әр түрлі кемшілікке созып тұр қол.
Бір мақсұт — әйелдің халін аяп,
Азаттық, адамдыққа іздемек жол.
Бұл талап сәті болса — таудай талап,
Ниеті қабыл болғай құдай қалап.
Әркімнің жүректегі дертін қозғап,
Жазылар талай сөздер неше тарап.
Әйел сөзі — қытықшыл, нәзік бір іс,
Нәзік істі бүлдірмей істеу дұрыс.
Адамдық, адалдықпен тұғырлықты,
Жазушы бетке ұстаса болмас бұрыс.
Адамзат рақат құмар малдан зияд,
Әйел — адам, нәрседей нәпсі ниет.
Тән рахатын ізденіп, әйелді алдап,
Адамдық былай қалмақ ар мен ұят.
Бұл кемдік бәріміздің басымызда,
Сүйекке сіңіп өсті жасымызда.
«Алаштын» талабы зор, мақсұты мол,
Әр түрлі кемшілікке созып тұр қол.
Бір мақсұт — әйелдің халін аяп,
Азаттық, адамдыққа іздемек жол.
Бұл талап сәті болса — таудай талап,
Ниеті қабыл болғай құдай қалап.
Әркімнің жүректегі дертін қозғап,

2

Жазылар талай сөздер неше тарап.
Әйел сөзі — қытықшыл, нәзік бір іс,
Нәзік істі бүлдірмей істеу дұрыс.
Адамдық, адалдықпен тұғырлықты,
Жазушы бетке ұстаса болмас бұрыс.
Адамзат рақат құмар малдан зияд,
Әйел — адам, нәрседей нәпсі ниет.
Тән рахатын ізденіп, әйелді алдап,
Адамдық былай қалмақ ар мен ұят.
Бұл кемдік бәріміздің басымызда,
Сүйекке сіңіп өсті жасымызда.
Күр софысып хұқылықты бүркемейік.
Шынға дұшпан, алланын қасымыз ба?
Ынсап, ұят, адалдық, тұрақтылық,
Адамдыққа ұласар көрік қылық.
Әйелді теңдікке алсақ терен ойлап,
Жазсақ екен нәпсіден жырақ тұрып.
Ойнас жағын көркейтіп сырламасақ,
Қызыққа қыэықтырып қырламасақ,
Жату, тұру, құшақтау...-ды антып,
Күлкісін ғашықтықтың жырламасақ.
Бақшаға ексек, қызғалдақ қуармаса,
Таза бұлақ лай боп суалмаса,
Майысқыш шар тарапқа жас табиғат,
Жарар еді жамандыққа бұралмаса.
Талай роман орыста жатыр толып.
Керексіз жаман сөзбен іші толық.

3

Жастарлы бұзықтыққа қоздырады
Ұрыға сойыл тауып берген болып.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

НЕҒЫП ЖАТЫР?

 

Түрленіп мынау заман ағып жатыр.
Жай өтпей һәркімге сын тағып жатыр,
Жайынан замананың хабардар ма?
Осы біздің қазақтар неғып жатыр
Шүкір, қазақ ұйқыдан тұрып жатыр,
Өз әлінше өрмегін құрып жатыр
Жіліктің майлы басын бері тартып,
Икемдеп өз алдына бұрып жатыр.
Бізге не өнер, ғылым жұғып жатыр
Жастар мұны үйреніп ұғып жатыр,
Халыққа бас-көз болып, жол мұндалап
Бір-бірлеп газеталар шығып жатыр.
Қазақтың балалары оқып жатыр,
Білімін күннен-күнге қосып жатыр.
Жат мінезге әулікпей, жұртын ойлап,
Ұлттың қамын көңілге тоқып жатыр.
Үшител, мұғалымдар тарап жатыр,
Байлар да үлкен іске жарап жатыр.
Тас болат үй, магазин, зауыт ашып,
Тайталасып, өнерге жанып жатыр.
Нашарға көнілдері еріп жатыр,
«Мә, жәрдем!» — деп аямай беріп жатыр,
Ұйымнан, ынтымақтан басын тартпай,
Сөзге, жөнге, қатарға кіріп жатыр.
Сөйтіп, қазақ ілгері басып жатыр,

2

Медресе, мектептерін ашып жатыр.
Инженер, агроном, адуақаттар,
Дәрігерлер де өнеге шашып жатыр.
Қазаққа қалай пайда келтірем деп,
Қайтсін! Басқара алмай сасып жатыр.
Біреулері өнермен жетілтем деп,
Біреулер — шаруамен, десіп жатыр.
Нөсер соғыс әлемге жетіп жатыр,
Ақ патша жұртқа пәрмен етіп жатыр.
Ол пәрменде санатқа қазақ кіріп,
Шот, қорегі жылтыңдап кетіп жатыр.
Жүген, құрық көрмеген анғырт жұрт қой,
Дұшпанды бүйірінен тесіп жатыр.
Мойны қатты надандық шіркін кернеп,
Көнбегендер желкесін жесіп жатыр.
Қатын-бала, шал-кемпір қалып жатыр,
Шәлкестікпен жаласып, талап жатыр,
Алыстан Герман неғып жатыр? — деуші еді,
Жақын жерден білуге барып жатыр.
Лай суға куанған шортамдардай,
Бұйырғанын құлқынға салып жатыр.
Жәбір-жапа көргендер жалынысып,
Ғаділетті төреге шағып жатыр.
Курапаткин сияқты ұлықтары,
Тұғралық назарына алып жатыр.
Иншалла, қазаққа да болар тендік,
Қисықты ауылы тезге салып жатыр.

3

Ұлы соғыс басылып, тан да атар,
Русиядағы дұшпанын бір мұқатар
Шот, қорегі шетімен шекпен болып,
Қазақ та халық болар тырна қатар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОТАҒАСЫ

 

Балалар, аттаныңдар қас қарайлы.
Інірде ұры-өтірік баспалайды.
Күн болат, ай қараңғы, қасқыр қатты,
Көкшолақ канғып кетсе таспалайды.
Жылқыны шашыратпай қоғамдандар?
Боран болса, бұйығып оранбандар.
Биылды ат мініп, қайрат қып, кірпік қақпай
Шыдандар, шырақтарым. тұтам таң бар.
Көрдің бе пысқыруын жануардың,
Жер шиыр, түрі жаман сары қардың.
Апталаған шығарар ұстап алса,
Жеріне жоламандар сарылардың.
Міне бір сұр бұлттың түсі суық,
Түнеріп қүнбатысты тұр ғой буып,
Байтал түгіл бас қайғы сонда болар,
Айдаса сол бұлтты бір жел қуып.
Жылқыны жаткызбандар шиырыққа,
Қалмасын сорға жылқы жығылып та
Боран болса шубыртын айдап барып,
Салынлар ақтыны тығырыққа.
Ал, балалар, малдарын аман болсын.
Қызыр жар бол, бәлекет шабан болсын
Жел тынып, бұлт ыдырап, күн айығып,
Жолығар амандықпен заман болсын.

 

 

 

АХ-ХА-ХА-ХАУ

 

(Мысқыл)

 

Жасарам деп көңілі жас,
Жас иіске құмарлар!
Кәріге жастың пейілі қас,
Шамаларда жұмарлар.
Жапырақсыз, түпсіз жанлалған
Іші қуыс кәрі ағаш!
Сандуғаш іздеп сандалған,
Неғылған дәнді дәрі ағаш!
«Қыркүйек өтті қырау»
Қараша мынау соқыр-ау!
Қантар келіп қалшылдап,
Сәйкес болған оқырау!
Көкектің айы көңілде:
Шонамдай жоқ тоқырау.
Ах-хах-хау! Күлкім-ау!
Шегім қатып отыр-ау!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

ҰРШЫҚ

 

Зырылдап жүгір ұршығым!
Шүйкені талдап іпсітіп,
Көзімнің жасы құр шығын
Жүректі өртеп ысытып.
Үсті-басы сырдай боп
Жүрген шығар құлыным.
Жалғызым кетіп жұрдай боп
Кесілді қолым, кұрығым.
Үш жыл киген түйе жүн
Тозған шығар шекпені
Тоңбасын деп күнімен
Батса да жанға кеткені.
Кәрі шешең сықсиып
Толтыра алмай ұршығын
Отыр жылап бүкшиіп
Көзінін сүртіп былшығын.
«Қарасам» да таусылып
Жылтылдап тұр сөнгелі.
Жалыныштық жалшынын
Нашардың күні көргені
Малы барлар малымен
Кісі жалдап алыста
Орын тауып жалымен
Кірісті де қалысты.
Қыршаңқы, ақсақ, соқырдың

2

Көтерілді базары
Жырық пен пұшық, қотырдың
Биыл кірді ажары.
Иіріп шекпен ұйқы жоқ
Үңілдім көзім сүзіліп,
Тез иірілер сиқы жоқ
Саласы шіркін үзіліп,
Сұраушының сүйгенін
Кім береді талдысын,
Тым болса осы шүйкенің.
Бітірсем екен жармысып.
Жеңіліп қашан жаман жау
Мереке болар кұдайым.
Жалғызым қайтып есен-сау
Қашан туар күн «айым!»
Зырылдап жүгір ұршығым
Шүнкені талдап іпсітіп,
Көзімнің жасы құр шығы»
Жүректі өртеп ысытып.

 

 

 

 

 

 

 

1

КӨШУ

 

«Көшіп атыр» деген соң көзімді ашып,
Бет-аузымды уқалап, өңім қашып,
Сығырайып жан-жаққа алақтасам —
Уда-шу — бәрі әбігер, дабырласып.
Жүк тартқан құмырсқадай қыбырласып,
Жұмысшы, жүгіріскен бәрі сасып,
Үй жыққан, жүгін түйген, қомын артқан,
Таңғалы арқан-жібін даярласып.
Ешкім жоқ тамашалап қарап тұрған,
Күйбендеп көшкен жұртты санап тұрған.
«Арба сал», «Ат қайда?», «Киратты-лап»,
«Ай-һүйлеп» қамшы, таяқ лақтырған.
«Желіні босатыңдар...», «Көген қайда?»
«Бол жылдам, басын түр де, мынаны айда!
«Манадан ат ерттемей неғып тұрсың?»
«Ой, оның жолда қалады, мықтап байла!»
«Былай тарт, сиыр қашты ана арысқа!»
«Қоя бер, бұзауменен арпалыспа!»
«Бауыр жібін қатты тарт, әбден!»
Сасып жүріп «Ауыл көшер» — деп алысқа!
Жаланған әлекедей бел буысқан,
Жүк артқан қыз-келіншек әрбір тұстан.
Айғырын шандырлап-ақ, шартылдатып,
Суылдап құр-кұрлап жүр ат қуысқап.
Жүгіріп жүген алып, бір жас бала,

2

Зыр қағып жылқы ішіне барған мана.
Ентігіп, өклесі өшіп жыламсырап,
Жалынып «Ағатайлап» жүр бишара.
Жаны ашып ол байғұсқа рахым еткен,
Еш адам табылмады сонша көптен.
Тыраңдап ескерусіз қала берді,
Жалтақтап оған-бұған, өткен-кеткен.
«Қарашы, көк биені мінгелі тұр,
Түйеші Жапабай да жаман-кәрі...
Ала шолақ өгіздің арбасына,
Амалсыз жабысам-ау енді тағы.
Пысылдаған, о, қырсау арам қатқыр!
Қай жөнге жүрет дейсің кұдай атқыр.
Кұйрығын ылғи бұрап отырмасан,
Мелшиіп жатып алар жамандатқыр!
Ол итке мінбегенмен бойым тежеп,
Кіші үйдің қара атаны о бір кезеп.
Қырсықты, бақырауық, жырық қара ит
Мың салса, бір баспайтын бір ақшелек».
Байтал мінген байпақсыз байғұс малай,
Солбаландап ат ерттел жүр анадай.
Неше қабат ұмтылып, аударылып,
Байталды басқа ұрғаның мәнісі қалай!?
Тәлімшіл желек салған келіншектер,
Сақалды бас көргенде шегіншектер.
Жаяулап жұрттан шыға атқа асылып,
Етегін қымтай алмай изелектер.

3

Салты жоқ қарқаралы қоңырау таққан,
Аумалы жүктер де аз түйеге артқан,
Құрсаулы қарамайлы дөңгелектер
Жемшікше тіркеп алған кіре тартқан.
Ән салғыш бая-шая дөңгелектер,
Соқтықса, томар қақса елбелектер,
Әндері бытыраңқы қосылмайды,
Кетер ме берекелі асыл тектер?!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұ Р А Н

 

Қазағым, қақтықпа. қамалма!
Ел болар қамыйды амалда!
Кетті түн, ағып таң, шығып күн
Сал малды, сал жанды аянба!
Мал баққан, жай жатқан ел едік,
Бейнетті көп тартқан ер едік,
Қаны жат, тілі жат, діні жат
Жат елден таяқты жеп едік.
Жатқа жем бай едік, кен едік,
Бағын жоқ биліктен кім едік,
Партия сұрқия, қым-қиғаш,
«Басы аман» көп надан сен едің.
Зарыққан, талыққан шағына
Тап болды бостандық бағына!
Ұйымдас, ұрандас, жағалас!
Сен де мін бабанның тағына!
Құның жоқ, қорлықта өшіп ең,
Терезең төремен болды тең.
Намыстан, кайраттан қатарға ені
Басқадан кем болған сенің нең?
Ұраным, қорғаным, сен Алаш!
Жолына кұрмалдық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ат.
Аллалап алға бас, ал Алаш!!!

 

 

1

ЕҢБЕКШІЛДЕР ҰРАНЫ

 

Оян, қарғыс таңба басылған,
Жалаңаш аш құл қайрат қыл.
Қайнап бастан ақыл ашынған
Майданға қанды айдап тұр.
Қиратамыз ескі жалғанды,
Жаңа тұрмыс орнатамыз.
Жарылқаймыз жарлы, қалғанды
Дәулеттен сонда татамыз.

Кайырмасы:

Бұл болар ең ақырғы
Ең күшті зор майдан.
Дүние енбекшілімен
Табылар бар пайдаң.
Бостандықты бізге ешкім бермес,
Патша да, құдай да, батыр да, —
Бостандық бізге көктен келмес,
Аламыз күшпен ақырда.
Ал егер жоям десең кұлдықты,
Тамағым болсын десен тоқ.
Қорғанба, дүмпілдет көрікті
Темірді қызған кезде соқ.

 

 

2

Кайырмасы:

Бұл болар ең ақырғы,
Ең күшті зор майдан.
Дүние енбекшілімен
Табылар бар пайдаң.
Біздер бүкіл дүние жалшысы
Біз енбекшілер топтары.
Жерге қожа болу еркіміз,
Арамтамаққа жоқ бәрі.
Ал егер найзағай шартылдап,
Қаптаса жауыз дүниесін
Бізге де жарық күн жарқылдап,
Түсірер нұрлы сәулесін.

Қайырмасы:

Бұл болар ең ақырғы
Ең күшті зор майдан
Дүние еңбекшілімен
Табылар бар пайдан.

 

 

 

 

 

 

1

ЖАС ӘСКЕР

 

Тауға қарсы, алға  бас.
Қарысып жолдастар!
Найза мен оқ қамалды!
Қиратып жол бастар.
Тайынба, қайтпа, бұл беттен!
Жастар тобы түйдектеп!
Жұмысшы қара халықтың
Біз -   жастар әскері 2 рет
Кешірмеппек біз бастан
Құл болып бейнетті.
Құл бұғауы көрсетпей
Жастықты, зейнеітті.
Қараңғы күннің зардабы —
Жаныңды отқа салғаны.
Жұмысшы қара халықтың
Біз- жастар  әскері 2 рет
Мандай терді ағызып.
Біз жанды қинадық,
Еткен енбек егінін,
Біз жатқа жинадық.
Ақыр бұл еңбек кенелтті,
Ширатты бізді еренті.
Жұмысшы қара халықтың, 2 рет
Біздей жас әскерін
Ту көтердік жолдастар,

2

Кел бермен гулесін!
Кұрамасын еңбектің,
Жасауға бірлесіп.
Дүниені еңбек менгерсін,
Бір үйлі жанға тенгерсін,
Жұмысшы қара халықтың
Біздей жас әскерін. 2 рет
Ту көтердік жолдастар,
Кел бермен гулесін!
Құрамасың еңбектің,
Жасауға бірлесіп.
Дүниені еңбек меңгерсің,
Бір үйлі жанға теңгерсің,
Жұмысшы қара халықтың
Біздей жас әскерін. 2 рет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАС КӨСЕМДЕР МАРШЫ

 

От болып жайна қара көк түндер!
Басталар кез бұл сәулелі күндер!
Біз — жас көсемі, жалшы ұлдары,
Лап десе, тап бол — жастар ұраны.
Жасап өсеміз туған бауыр көп,
Қауіп-қатерге дәйім әзір боп.
Тартыс, енбекшіл қайтпас қыраны.
Лап десе, тап бол! — жастар ұраны.
Ексін адымдап, ән шырқап ескек,
Жастарға тете шықпақ жеткіншек.
Сәулелі күндер басталар кез бұл.
Жастар ұраны: лап десе, тап бол!
Ащы айғайға басамыз бірге,
Жер жүзіндегі жас көсемдерге.
Біз ғой жастардың нұрлы шырағы,
Лап десе, тап бол — жастың ұраны.
Шарықтатамыз қызыл жалауды,
Жалпы ұлдары, болма ала жаулы!
Сәулелі күндер басталар кез бұл,
Жастар ұраны: лап десе, тап бол!

 

 

 

 

 

 

 

1

ТҰҢҒИЫҚ ТҮПСІЗ АСТЫНДА.

 

(Өлеңмен жазылған сөз)

 

Су сабалап, суды тіліп,
Көк теңізде келе жатты бір кеме.
Бір мезгілде түсі суық
Бір қара бұлт көкке ойнақтап,
Шыға келіп, төнді теңіз үстіне.
Сол-ақ екен теңіз тулап,
Таудай-таудай қара толқын
Теңізді салды талқыға
Долы дауыл буырқанып.
Ұстаудан шыққан андай ұлып,
Кеменің кенеп майшаларын
Сатырлатты, қиратты.
Анда-санда қара тұман
Найзағаймен жарық етед.
Көк күркіреп, су күнгірлеп,
Кенеттен кейде шарт етед.
Кемеге ажал таянды
Кемені су кернеді.
Сырғауылдар қырады
Кенеп қанат өрім-өрім
Жалбырады салбырап
Дауыл мен толқын ән қосып,
Кемені жанышты иледі,

2

Дәрмен кетті кемеден
Суға батып жөнелді...
Таң шашырап атқанда,
Береке, бөшке, арқан, жіп
Тақтай-мақтай ағып жүр.
Сол тақтайдың біреуінде
Әлде қандай мейірімді қол
Мықтап тұрып байлаған
Нәресте кетіп барады.
Шөптей жеңіл тақтайында
Торғайдай боп көрініп.
Қара толқын арасында,
Тұнғиық түпсіз астында,
Қатерден ешбір хабарсыз,
Көнілі қамсыз, өзі шат
Жымиып күледі жас бала.
Балдырғандай жас қолдарын
Шолтаңдатып, су сабап,
Салқын суға малады.
Малайын деп, малмайды:
Толқын қолға соғады.
Толқынның әппақ көбігі
Баланың үстін қаптайды;
Толқынның бүріккен үшқыны
Ұшықтайды баланы.
Оны бала ойын ғой деп,
Жыпылықтап, көзін қысып,

3

Сақылдап тұрып күледі
Қызык қой тегі балаға!
Түпсіз терең көк теңіз
Қорқытпайды баланы,
Асқар таудай көк толқын
Ұшырмайды зәрені.
Өмірде мен де көремін
Қайғысыз, қамсыз көңлі шат
Жымиып тұрған жандарды
Масайраған жүздерді,
Күлсе аузынан гүл төгіп,
Санқылдаған үндерді
Көрген сайын есіме
Еріксіз бала түседі,
Сондай қамсыз, сондай шат,
Күлкісі тәтті, ләзәтті.
Жабысып жалғыз тақтайға,
Қара толқын ішінде,
Тұңғиық түпсіз астында
Мәз болып күлген баланы.

 

 

 

 

 

 

 

1

ЖАМАН ТЫМАҚ

 

Ертегіде бір кедей,
Қара қасқа қу кедей.
Қатыны бар қаншырдай,
Үш ұлы бар қамшыдай.
Жауыр күрең — керігі,
Жалғыз сиыр — қорегі.
Келді бір күн ауылпай,
Үй жығатын дауылдай.
«Дереу алым тап!» — дейді,
«Күй мөшкеңді сат!» дейді.
Кедейге қамшы басады,
Сиырын айдай қашады.
Сорлы кедец қалбаңдап,
Жаман тымақ жалбандап
Ақсақалға келеді,
Иіліп сәлем береді.
«Мен қайтем?» деп, ақсақал
Алақанын кереді.
Сорлы кедей қалбандап
Жаман тымақ, жалбаңдап.
Болысқа да келеді Иіліп сәлем береді.
«Ақ патшанын раматын
Бермей, мұнда шабатын.
Неткен тентек немесің?
Бер дегенін бересін!»

2

Сорлы кедей қалбандап,
Жаман тымақ жалбандап,
Молдаға да келеді
Иіліп сәлем береді.
Кітап ұстап молдасы,
Қазандай боп сәлдесі.
О да ақырды кедейге,
«Бер деп айтса, бересің»
Сорлы кедей қалбандап,
Жаман тымақ жалбаңдап.
Байдікіне келеді,
Иіліп сәлем береді.
«Етек-женің кең еді.-
Бір сенгенім — сен еді...
Несиеге он сом бер...»
Кебеже қарын кекірді,
Қарнын сипап лепірді.
«Ортан қолдай бес бұзау,
Жыл шығарып бересін?..»
Кедей сорлы қалбаңдап,
Жаман тымақ жалбаңдап,
«Нашандікке» келеді,
Қенсеге әрең кіреді,
Кенседе төре тұр еді,
Тымақшанды көреді:
«Малақай!» — деп бақ етті,
Тымақ бастан топ етті.

3

Тымақ қолда тұтылды
Кедей қашып құтылды.
Жаман тымақ бүрісіп,
Құлақтары құрысып,
Көп қағаздың ішінде
Жатушы еді құнысып.
Күндерде бір күн бір тілмаш,
Қужандаған қу тілмаш.
Қағаздарын ақтарды
Тымақты тысқа лақтырды.
Жаман тымақ жалып етті,
Құлақтары салып етті.
Көшеде жүрген бір ақ ит
Тымақты тістеп ап кетті.
Бір қораның төріне
Ат қоранын түбіне
Ақ ит әкеп тымақты
Жұлқылады құлақты.
Өткен түні қорадан
Ат жоғалған түн екен.
Қазақ-орыс иесі
Атын іздеп жүр екен.
Тымақ тапты — кенелді,
Кеңсеге алып жөнелді.
Жаман тымақ бүрісіп,
Қүлақтары құрысып.
Шәрке, телпек серік боп

4

Жатты шкапта құнысып.
Арада ай күн, жыл өтті,
Кеңсе бір күн шу етті.
Шкап сарт-сұрт ашылды
Қағаз сау-сау шашылды.
Телпек тұрды уралап,
Шәрке шықты домалап.
Тымақ жатыр сығалап,
Әкетті бәрін арбалап.
Арбаң-арбан арбалар
Көшеден көше доңғалап.
Көше толған халыққа
Тымақ қарап таң қалар.
Бір мезгілде қараса
Түнеугі қазақ-орысты
Қуып кетіп барады.
Түнеугі долы тілмашы.
Бұғып кетіп барады
Жаман тымақ сол кезде
Жан біткендей ілезде
Бір құлағы селт етті,
Өзінен өзі селік етті.
Бір мезгілде қараса,
Өзін қағып түсірген,
Кедейдің құтын ұшырған,
Сар түймелі төрені
Қім көрінген желкелеп,

5

Ұрып кетіп барады.
Сонда тымақ желпінді,
Құлақтарын сілкінді,
Тамақты бір кенеп ап,
Білекті бір білеп ап:
«Мен — кешегі «Малақай»
Күнім туды алақай!
«Түй желкеге, түй» деді
Қорықпай қалай бүйдеді!?
Бір мезгілде қараса
Қасында отыр бір қазақ
Серкеш борбай, сым қазақ
Тымақты алды бұл қазақ.
Сол қазақпен селбесіп,
Арбасына мінгесіп,
Тымақ қайтты еліне
Туып өскен жеріне.
Жазғытұрым кезі екен,
Күн ызғырық жел екен:
Қалпақты қазақ бүрісіп,
Жақ жүндері үрпиіп.
Жылтайын деп құлақты,
Алып киді тымақты.
Қазақтың бойы жылынды:
Көзі ұйқыға ілінді.
Сонда тымақ ойлайды:
Мына бас пен мына шаш

6

Жайлы қоныс болса игі ед.
Анау шалбар тылтыйған
Мынау шапан қылтыйған
Сірә маған қонса игі ед...   .
Қой, жөніме тартайын
Табанды жалтыратайын!..
Деді де, тымақ оңдалып,
Қос кұлағын қомданып,
Құс боп ұшып жөнелді.
Қара құстай қалықтап,
Ойдан қырға шарықтап.
Екі бауы салақтап
Елге жетті далақтап.
«Тымақ кепті даладан...
Ұшып кепті қаладан...»
Деген хабар дүңік етті,
Тымақ біткен күнік етті,
Шуылдасты, жиылды,
Алласына сыйынды.
Түлкі тымақ жылмандап,
Екі көзі қылмандап.
«Құтты болсын жолыныз!
Бізге қонақ болыныз.
Қызметке мен даяр,
Сайлауына ел даяр...»
Жаман тымақ: «Тек!» — деді
«Жолымнан аулақ кет!» — деді.

7

Сәлде тұрып шұлғыды,
Сәлем беріп мүлгіді
«Сізге бата бергелі,
Жүзінізді көргелі,
Алыс жерден кеп едік
Жетімжесір — нашардың
Кәріп пенен Қасардың
Біздер қамын жеп едік...»
Жаман тымақ: «Тек!» деді
«Айтпа бекер, кет!» — деді.
Күрек тымақ бас иіп
Ақ сақалы сапсиып
Бір жағынан сөйледі:
«Алыс жерден жол келген
Алты жасар балаға Алпыстағы шал келген...
Оң батамды берейін,
Өссін, балам мерейің!»
Жаман тымақ: «Тек!» — деді.
«Батанмен аулақ кет!» — деді.
Көнетоздау көк тымақ,
Қарны толған боқ тымақ.
Сөйлей алмай «пып» деді.
«Ы-ы-ы-ы-ық» деді.
Жаман тымақ шамданып:
«Ұр мынаны, ұр!» — деді.
«Жолдан былай тұр» — деді.
Боқша асынған бір тымақ,

8

Шоқша сақал, сұр тымақ.
Бір құлағын жымырып,
Бір тұрып, бір жығылып,
Қолы» соза беріп ед.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Previous
Следующая
Асыл сөздер
imageimageimageimageimageimage
Кітаптары
Театр